Жаңаөзенде 20 наурыз күні ұлттық спорт түрлері күніне арналған «Наурызнама-2024» ұлттық спорттық жарыс өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аударыспақ бойынша облыстық іріктеу жастар арасында ұйымдастырылады. Жасөспірімдер арасында көкпар, ересектер арасында құсбегілік пен дәстүрлі садақ ату жарысы өтеді.
Ал арқан тартыс ересектер арасында командалық жарыс ретінде, ал қазақ күресі 2010-2011 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында өтеді. Тоғызқұмалақ жастар мен жасөспірімдер арасындағы ұйымдастырылады. Гір көтеру спорты, қол күресі бойынша да жарыстар ұйымдастырылады.
Ұлттық спорт түрлерінен жарыс Кендірлі ауылы мәдениет үйінің алдында сағат 11:00-де басталады.