Мұнайлы ауданында экологиялық акция аясында сенбілік өтті. Акцияны өткізуге 18 мекеменің қызметкерлері ат салысып, 400-ге жуық тал екті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда саябақтар мен ауылдың кіре беріс жолдарына туя, жеміс, қарағаштар отырғызылды.
Сенбілік Баянды полигонында, аудандағы Тәуелсіздік саябағында, ауылдық округтердің саябақтарында, мектептер мен медициналық мекемелердің бақшасында өтті.
Сондай-ақ 7 арнайы техниканың көмегімен 8 тонна қоқыс шығарылды.
- Көгалдандыру жұмысына мемлекеттік мекемелер мен квазисектор, құқық қорғау органдарының қызметкерлері атсалысты. Бұл жұмыс 15 мамырға дейін жалғасын табады. Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді тазалық сақтауға және көгалдандыруға үлес қосуға шақырамын!-, деді аудан әкімінің орынбасары Нұрхан Мұстафаев.