7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай Түпқараған ауданындағы Ғ.Айдаров атындағы мектептің 2-8-сынып аралығындағы 800 оқушысы “Алға, қазақ жігіттері” әнін хормен орындады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“Оқушыларымызжың “Алға, жігіттер!” деп сап түзеп, ер азаматтарымызға құрмет көрсете отырып шырқаған әні жүрек тебірентерлік. Қашан да ел қорғар азаматтарымыз аман болсын!”, - деді мектеп ұжымы.