FlyArystan әуекомпаниясы 15 мамырдан бастап Ақтаудан Әзербайжанға қатынайтын рейстің жиілігін көбейтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Енді қазақстандықтар Әзербайжан мемлекетіне Ақтаудан дүйсенбі, сәрсенбі және жексенбі күндері, ал 3 маусым күні Астанадан дүйсенбі және бейсенбі күндері ұша алады.
Билеттерді FlyArystan сайтынан немесе қосымша арқылы брондай аласыз.