Сағат 14:32-де Ақтау қаласындағы 15 шағынауданда газ құбырының жарылғаны туралы ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Өрттің алдын алу үшін 2-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 6 қызметкер шықты. Оқиға орнында газ құбырынан жоғары қысымда газдың шығуы анықталды. Қазіргі уақытта оқиға орнында 104 қызметінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.