Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 7 шағынаудандағы «Мәңгілік алау» және «МИГ-21 ұшағы» монументі жаңартылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жеңіс алаңындағы «Мәңгілік алау» монументі сырланып, жаңадан плиталар орнатылды.
Алаңдағы 30-ға жуық жарық бағаналары сырланып, шамдары ауыстырылды.