Ақтаудың 17 шағынауданында төрт жасар бала терезеден құлап көз жұмды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Куәгерлер баланың бесінші қабаттан құлағанын көрген. Оқиға кеше, 25 сәуір күні болған.
- Бала оқиға орнында қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.