Ақтаудағы «Жанұя» орталығында 6 мамыр күні Аналар күні мерекесіне орай «Ұрпаққа ұлағат - үлкеннен» тақырыбында ашық есік күні өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ашық есік күні аясында дөңгелек үстел және аналарға қызмет көрсету шаралары өтіп, арнайы мамандар кеңес береді. Ал сұлулық салонының шеберлері аналарды әрлеп, шашын сәндейді.
Мамандар бір анаға киім, аяқ киім сыйлап, сырт келбетіне әдемі өзгеріс жасамақ.
Ерекше шара ертең, 6 мамыр күні 29 ш/а, 24 үй «Жанұя» орталығында сағат 10.00-де басталады.