Жеңіс күні Ақтау қаласы полиция басқармасының жеке құрамы мен ішкі істер органының ардагерлері ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтау қаласы ПБ бастығының орынбасары Әділжан Бидулла, ішкі істер органының ардагерлері және полиция басқармасының жеке құрамымен қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан ішкі істер органы қызметкерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқандардың құрметіне бір минут үнсіздік жариялаған.