ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысы болып Алем Уалиев тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Алем Уалиев Жеңісұлы 1978 жылғы 2 қыркүйекте Маңғыстау облысы, Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Қазақстандық экономика және құқық институтын, 2007 жылын Каспий қоғамдық университетін, 2023 жылы Қазақстан жетекші сәулет және құрылыс академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы Атырау қалалық салық комитетінің салық инспекторы болып бастаған. 2006 жылы жылы Атырау қалалық салық комитетінің бас маманы, 2007 жылы Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар Департаментінің бас маманы, Атырау облысы балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің әкімшілік-қаржы бөлімінің бастығы болған. 2014-2016 жылдары Атырау облысы, Құлсары қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2016 жылы Атырау қалалық құрылыс бөлімінде бухгалтерлік есеп және есептеу секторының бас маманы, 2021-2023 жылдары ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болған.