20 жастағы әлем чемпионының қомақты грантқа ие болғаны дәстүрлі KazChess Awards премиясы кезінде ресми айтылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Тимур Турловтың шешімімен көлемі 40 млн теңге болатын президенттік грант бекітілді. Оның иесі Бибісара Асаубаева болды», - деп жазылған Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Ал Қазақстандағы жыл шахматшысы болып Ксения Балабаева танылды. Асаубаева болса «Ең үздік команда» номинациясы бойынша жүлде алды. Бұл жүлде шахматтан Қазақстанның қыздар құрамасына табысталып отыр.
Айта кететін жайт, аталған салтанатты шараға Бибісара Асаубаеваның өзі қатысқан жоқ.