Тұңғыш Президент күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» атты республикалық қайырымдылық форумы өтті.

Жерлесіміз «Жомарт жан» атанды

Форум аясында Маңғыстау облыстық маслихат депутаты, «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС бас директоры Сәуле Жакаева меценаттық және қайырымдылық қызметті дамытуға сіңірген еңбегі үшін қоғамдық мойындау және мадақтау құрметіне ҚХА «Жомарт жан» төсбелгісімен марапатталды.

Қашан көрсең де қайырымды істердің бел ортасында жүретін жерлесімізді жоғары марапатымен құттықтағанымызда Сәуле Бердіханқызы қуанышын жасыра алмады.

— Еліме, ұрпағымыздың болашағына сіңірген еңбектің бағаланғаны болар, — деді ол.
— Халықпен бірге болып, ауызбіршілікпен жұмыс істеп келе жатырмыз. Шүкір, еліміз аман, аспанымыз ашық, қайырлы іс жасауға мүмкіндік мол. Елбасымыз тіккен туымыз мәңгілік болсын. Бейбітшілігіміз баянды болсын.

    Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

Оқи отырыңыз: «Маңғыстау-Бейнеу» бағытындағы қосымша пойыз жолға шықты