Көршілес Атырау облысынан бір топ жас қыз-жігіттер өңірімізде болып, аспан астындағы тарихи ескерткіштердің біразын аралап қайтты.

— Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елтану» жобасын жүзеге асыру мақсатында Атырау облыстық ҚХА жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері Маңғыстау облысына өлкетану экспедициясын бастады — деді Атырау облыстық ҚХА талдау және мониторниг бөлімінің басшысы Айымгүл Қосалиева. — Экпедиция мүшелерін маңғыстаулық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының штаб мүшелері күтіп алды. Арамызда дәрігеріміз бар. Жастар өте жақсы әсер алды. Барлығымыз да қуаныштымыз.

Атыраулық жастар тарихи жерлерге сапарын Шетпе және Шайыр ауылдарының аралығында орналасқан Кенті баба қорымынан бастады. Одан әрі, екі шақырымдай қашықтықтағы Сұлтан үпігебарған экпедиция мүшелері мұндағы тұщы суқұдығын, көріп, жерасты мешітінің тарихымен танысты.

Екі күнге созылған сапар барысында балалар Қапам сай үстіңгі көрінісін, Шақпақ ата, Күйеу там, Шопан ата, Баян баба, Оғыландыға барды. Осылайша, Атырау жастары тарихтан сыр шерткен мәдени ескерткіштермен «тілдесіп», ғасырлар қойнауынан «хабар алып», рухани сусындап қайтты.

Валентина ҚОЗЫБАҚОВА