«Жастар үйі» ғимаратының спорт алаңында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Challenge: сенің жаңа қырың!» атты республикалық спорт бастамасына жолдаған үндеуін қолдау мақсатында Ақтау жастары танымал спортшылармен бірлесіп, «Ашық жаттығу» шарасын өткізді.

Маңғыстау облыстық жастар  саясаты  мәселелері  басқармасы  мен облыстық жастар ресурстық орталығының  мұрындық  болуымен  өткен спорттық шараға 40-тан астам белсенді жас қатысты. Воркаут алаңына жиналған жастар жаңа бастаманы қолдайтынын жеткізіп, ашық жаттығулар жасап, спорт көрсетілімдерін ұйымдастырды. Көпшілікті салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спортпен шұғылдануға шақыру, өскелең ұрпаққа үлгі көрсетуді көздеген шараны бейнеролик етіп түсірді.

«Елбасымыздың спортты серік еткен жандарға қолдау білдіріп, салауатты өмір салтына шақырған «Challenge: сенің жаңа қырың!» атты спорт акциясына жолдаған бейнеүндеуіне Маңғыстау жастары да үн қосты. Оған облысымыздың белгілі спортшылары – «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің аймақтық кезеңінде жеңімпаз атанған Мейрамбек Жаңабай, джу-джитсАрпалыспен өткен тоғыз тәулікудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбубәкір Жәнібек, кикбоксингтен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, халықаралық жарыстардың жеңімпазы Өнербек Селбаев қатысты. Олар спортпен айналысып, жаттығулар жасап, жастарға үлгі көрсетті, спортқа шақырды.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Арпалыспен өткен тоғыз тәулік

Спорт – денсаулық кепілі. Деніміз сау, көңіліміз сергек болуы үшін бір сағат болса да спортпен шұғылданған абзал. Спортты серік еткен жас ақылға жүгініп, мінезін түзетеді. Салауатты өмір салтын таңдап, зиянды әдеттерден аулақ болады. Аймақ жастары спортқа жақын. Сенбі сайын жастар құрылымдары жиналып, футбол ойнайды», – дейді облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Абылай Фазылбек.

Ханым ҚУАТ