жайдарман

2016 жылдың 28 наурыз күні Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық Жастар қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облысы бойынша филиалы және «Ақтау қалалық жастар орталығы» мәдени-демалыс кешенінің ұйымдастыруымен «Маусымашар 2016» фестивалі жайдарман әзілкештері мен тапқырлар сайысы өткізіледі.

Жайдарман көптеген жалынды жастардың жүрегіне жол таба білген, сүйіп те сүйсіне де ойнайтын әзіл алаңына айналды. Жайдарманның ең басты ерекшелігі – өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды әзілмен жеткізу. Мұндай сайыс сахна мәдениеті мен шеберлік, би, ән, мимика, сөйлеу мәнері, ой ұшқырлығы сияқты өнер атаулының түрлі жанрларын қамтитын, шығармашыл жастардың орталығы.

Көңілді тапқырлар сайысының негізгі мақсаты: Маңғыстау жастарының бос уақытын тиімді пайдалана отырып, қатысушы командалардың бір — біріне деген ауызбіршілігін арттырып, қала жастарының ұйымшылдығын, ұтқыр тапқыпқырлығын, ақиқатты әзілмен жеткізу болып табылады. Маңғыстау облысының ашық чемпионатына облыс көлеміндегі барлық аудандардан 20-ға жуық команда қатысады.

Шара 2016 жылдың 28 наурыз күні, сағат 18.00-де, 4/ш.а. Абай атындағы мәдени – демалыс кешенінде өткізіледі.