Тәп-тәттілер

Астана қаласында «Казмедиа» орталығында 9­-14 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасын­да өткен республикалық «Жайдарлы Жас Ұлан» Жайдарман ойындарында облыстың намысын қорғап, өнер көрсеткен Қызан ауылының «Тәп­-тәттілер» жайдарманшылары жүлделі I орынды иеленіп, кубокке қол жеткізді.

Тәп-­тәтті жайдарманшылардың жетекшісі Қызан селолық мәдениет үйінің қызметкері Жақсыгүл Шалғынқызы: – Қуаныштан жүрегіміз толып тұр. Республикалық сайысқа қатысқан 15 команданың ішінен суырылып алға шығып, жүлделі орынға табан тіредік, Маңғыстаудың абыройын биіктетіп келеміз. Біздің осындай сапарымызды ұйымдастырып, демеуші болған аудан әкімі Ж.Айтуаровқа, аудандық мәдениет үйінің директоры М.Дулановаға алғымыз шексіз — ­ дейді қуанышты көңіл-­күймен.

«Тәп-­тәттілердің» бұл алғашқы жеңісі емес. Өткен жылдың ақпан айында құрылған жас жайдарманшылар тобы сол жылы тамыз айында өткен Республикалық ойында «көрермендер көзайымы» номинациясын жеңіп алса, биылғы мектепішілік республикалық ойындарда да жүлделі ІІ орынды иеленген болатын. Аудандық жайдарманшы топ көршілес Қарақия ауданында өз өнерлерімен тәнті етті. Тума талант бүлдіршіндердің ендігі сапары Ақтөбеде өтетін жартылай финалда өнер көрсету.

Тағы оқыңыздар: «Нұрлы жолға» бөлінген қаражатты игере алмаған өңірлер аталды

«Тәп­-тәттілердің» құрамындағы Алданыш Нұртілек, Алданыш Оразгүл, Лагербай Мереке, Шалғынқызы Елгезек, Досжанқызы Бану үздік оқушылар, олардың мақсаты – алдымыздағы 2018 жылдың қаңтар айында өтетін «Жайдарман» ойындарының маусымашарына қатысып, ондағы қаты­ насатын 300 команданы басып озып, жеңіске қол жеткізу. Жас бүлдіршіндерге сәттілік тілейміз.

Ж.АМАНҚҰЛОВА