пара

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы басшысының орынбасарына пара алды деген күдік келтірілді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

«Маңғыстаулық филиалдың басшысының орынбасарына мемлекеттік сатып алу кезінде мүдделерге заңсыз лобби жасағаны және әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін мердігер ұйымның өкілдерінен жүйелі түрде 1 миллион теңгеден астам сомада пара алды деген күдікке ілінді», — делінген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратта.

Мердігер жолдың бір бөлігінің құрылысын салу бойынша міндеттемелерін белгіленген мерзімде толық көлемде бітірмеген. Айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартпау үшін пара берген.

Қазір лауазымды тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру жүріп жатыр.

Видео МҚІжСЖҚІ Агенттігінен