пожар

1979 жылы дүниеге келген келіншек 5 шағын аудан, 32 үйден шыққан өрттен зардап шеккен болатын. Ол облыстық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жоғары тыныс алу  жолдарын, мойнын , аяқ-қолын күйік шалған.

-Дәл қазіргі уақытта науқас қан құюды қажет етпейді. Дегенмен қажет болуы да мүмкін. Оған өкпені жасанды желдету аппаратын қосып қойдық, — дейді жансақтау бөлімінің дәрігері. «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» хабарлағандай, пәтердің көп бөлігін күйік шалған. Өрт аумағы шамамен  шаршы метр.

Еске сала кетейік, 22 шілде күні 5 және 15 шағын ауданда өрт оқиғасы болған еді.

Сондай-ақ, 17 шағын аудандағы 7 үйдің жертөлесі де жалынға оранды. Құтқарушылар 11 адамды сыртқа шығарып, қауіптен сақтандырды. Түтін 12 қабатқа дейін жеткен. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртке электр сымдарының тұйықталуы себеп болған. Мұндағы өрттен зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Дереккөз: lada.kz