Азия

Жақында Вьетнамның Ханой қаласында джиу-джитсудан Азия чемпионаты өтті. Осы жарысқа ауданымыздан қатысқан Алия Тлепова күміс жүлдемен оралды.
Тайланд, Қырғыз, Корея, Жапон мемлекетінен келген спорт дүлдерімен бірге 28 қазақстандық спортшы барып бақ сынады. Осыған дейін самбо мен дзюдодан бірнеше рет Азия, Әлем чемпионы атанып жүрген Алия үшін бұл жарыс еш қиындық тудырмаған.Азия чемпионатынан күміс жүлде«Бұл жарыстан да бірінші орынды аламын деген үмітім болған. Бірақ бұл жолы кішкене ауырып қалдым. Сондықтан екінші орынды қанағат тұтуға тура келді. Жолым болып Азиада ойынына қатысуға жолдама алдым»,-дейді Алия.

Тағы оқыңыздар: Жастар «Балдәуренде» бас қосты
Қазір қыркүйектің 17-27 аралығында Түркменстан Республикасының Ашхабад қаласында өтетін Азиада ойындарына үлкен дайындық үстінде. Бұл жарыста да биіктен көрінуге тілекшіміз