turaly Тұралы Жолышов

«Бейнеу аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып Тұралы Жолышов тағайындалды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Бейнеу ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.

Тұралы Ботақараұлы Жолышов 1990 жылдың 24 шілде күні туылған.

Педагогика және психология мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

2012 жылы Бейнеу аудандық жастар ісін үйлестіру орталығында маман болып қызмет бастап, 2015 жылы Бейнеу аудандық жастар ресурстық орталығында әкімшілік бөлімінің басшысы, 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап директордың орынбасары болып қызмет атқарып келді.

2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына қарасты Павлодар қаласындағы №6679 әскери бөілімінде Отан алдындағы борышын өтеген.

2017 жылдан бастап «Бейнеу ауданы Азаматтық Бастамасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып қоғамдық қызмет атқарады.