tuie түйе

Мұнайшылар темір құбырлардың арасына кіріп кеткен түйені шығарып алды.

Видеода тайлақтың құбырлардың арасына кіріп кетіп шыға алмай тұрғанын көруге болады. Мұнайшылар жануарды шығарып алу үшін арнайы техниканы қолданған. Олар малдың үрікпеуі үшін басына қап кигізген екен. Видеоның соңында басына кигізілген қап пен шығарып алу үшін байланған арқаннан босанған бойда тайлақ тапырақтап кете барады.

Əлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, оқиға «Қаламқас» кен орны маңында болған.

Желі қолданушылары мұнайшылардың бұл әрекетін жылы қабылдады. «Жарайсыздар, мұнайшылар!», «босатып алмағанда малға обал болатын еді», «дұрыс жасаған», «Алла разы болсын осы кісілерге», «помогли животному, молодцы» деген пікірлерін қалдырды.

Сурет видеодан скриншоттап алынды