Бүгінде Маңғыстау облысындағы 7 оқу орнында білім ала­тын 1 364 студент жатақ­ханаға зәру. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, Ел­басының Бес әлеуметтік бастамасы аясында аймақ­та 2022 жылдың соңына дейін 2 140 орындық 7 жатақхананы қол­данысқа беру жоспарланған. Бұл ретте бір жоғары оқу орны үшін 170 орынға және алты колледж үшін 1 970 орынға арналған жатақхана құрылысы салынады.

«Осы мәселені шешу үшін 7 жер учаскесінде объектілерді пай­далануға енгізу жоспарда бар. Қа­зіргі уақытта 4 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзір­ленген жоқ, ал 3-еуі бойынша ЖСҚ қажет етілмейді», – делінген министрлік мәліметінде.

Жобаларды іске асыру операторы ретінде «Қаржы орталығы» АҚ белгіленген. Бекітілген механизмге сәйкес жатақхана жаңадан салынған жағдайда мемлекеттен әрбір төсек орын үшін жыл сайын – 122 АЕК, ал ғимарат қайта жөнделгенде 47 АЕК қаражат төленетін болады. Бұл төлемдердің жүргізілу кезеңі 8 жылға есептелген.

«Сонымен қатар мемлекеттік тап­сырысты орналастыру тетігі ту­ралы Маңғыстау облысының кә­сіп­керлік қоғамдастығына ақпа­рат беру мақсатында «Қаржы ор­талығы» АҚ «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп өңірде түсіндіру кез­десуін өткізді. Іс-шараға қонақ үй ке­шендерінің, хостелдердің басшы­лары мен басқа да мүдделі кә­сіпкерлер, «Білім басқармасы» ме­­кемелері, «Каспий» ӘКК» АҚ, «Да­му» қорының Маңғыстау облы­сы бойынша аймақтық филиалы өкілдері қатысты», – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Маңғыстауда 2140 орындық 7 жатақхана салынады

Білім және ғылым министрлігі деректеріне сүйенсек, 2019 жылдың мамыр айында Қазақстанда жа­тақханаларды салу жөнінде 20 шарт жасалған. Осы құжаттар бойынша 2019–2022 жылдар аралығында 6 864 төсек орнын ұсыну жоспарланып отыр. Оның 13-і Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қос­танай, Тараз, Орал қалаларында жаңа нысандарды салу және 7-еуі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Павлодар, Өскемен қа­ла­ларында реконструкциялау жолымен жүзеге асырылады.

Жайық НАҒЫМАШ