Маңғыстау облыстық аурухана ғимаратында өлкемізде трансплантациялау саласын нақтылап, мәйіт донорлығын қамтамасыз ету бағытын қолға алу мақсатында форум өтті. Бас қосуға әлем жұртшылығына танымал трансплантация саласы бойынша үздік ғалымдар қатарына жататын Түрік елінің тумасы, «Башкент» университетінің өкілі Седат Иылдырым да арнайы келіп қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Соңғы 20-30 жыл шамасында дүниежүзі меди­­ци­насында кардиохи­­рур­­­­гия бағытымен қатар транс­­­­план­­­­тация­лау ісі, яғни бір адам­­­ның дене мүшесін (жүрек, бауыр, бүй­рек, т.б) келесі бір науқас адам­ға алмастыру арқылы өмірін сақ­тап қалу жұмыстары дами түс­ті. Ұғы­нықты тілмен айтсақ, мәйіт донорлығы. Әлем елде­рінде денсаулық сақтау саласы көбіне осы трансплантациялау бағытының өсуімен есептеледі.

– Трансплантация отасы ме­дицина ғылымына XX ға­сыр­дың басында енгізіліп, 1930–1940 жылдары бірнеше мәрте сынақ жүргізілді. Бастапқы кезде бірнеше ота сәтсіз аяқ­талғанымен уақыт өте өз же­місін берді. Ауыр науқасқа шалдыққан адамдардың өмірін сақтап қалуда трансплантация отасынан асқан әзірге амал жоқ. Адамдар келіп сұрап жатады, «трансплантация отасы діни тұрғыдан алып қарағанда оңды пікір алған ба?» деп. Мен өз зерттеуімде қай дінді алсақ та трансплантация отасы теріс іске жатпайтынын дәлелдеп шықтым. Ең бастысы – адам өмірін сақтап қалу. Соңғы жылдары Қазақстан аумағында бұл ғылымға ерекше көңіл бөлініп, зерделі дәрігерлер өте көп шығып жатыр. Осы қарқыннан таймайтын болса, бұл елде де трансплантация мен мәйіт донорлығы мәселеге айналмайтынына сенімім мол, – дейді ғалым Седат Иылдырым.

2013 жылы трансплантациялау отасы елордамызда жасала басталған. Сол кезде жүрек, бауыр, екі бүйректі алмастыру отасын хирургтар ойдағыдай орындап шыққан екен. Ал Ақтөбе облысында 2019 жылға дейінгі деректерге сүйенсек, 54 ота жасалып, оның 8-і трансплантациялау бағытындағы ота болған.

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің статистикалық бөлімінің есебіне жүгінсек, 2017 жылы Маңғыстау облысында инсульттың әсерінен 300-ге жуық адам зардап шеккен. Егер де мәйіт донорлығы саласы өңірімізде дамитын болса бұл көрсеткіштерді айтарлықтай қысқартуға болады. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың аталған салаға баса назар аударып, ғалымдар тәжірибесін аймаққа жариялауда­ғы мақсаты да – осы.

– Қазақстан Республикасы медицина саласының ең басты бағытына жататын трансплантациялау ісінен дүниежүзілік деңгеймен өлшесек артта қалған елдер қатарына жатқызылып отырғанын ескерген жөн. Қазіргі кезеңде трансплантациялау отасы мемлекетіміздің алты облысында (Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Шымкент және Қызылорда) жү­зеге асырылып көрген. Аталған істі атқару үшін де алдымен бірқа­тар жұмыстар ұйымдастырылады. Ота жасалатын адамның жеткізілуінен бастап дайындық ке­зеңіне дейінгі жұмыстарды атқару үшін құрылған орталықтар ел аумағында жеткілікті. Мәйіт до­норлығы 2012 жылдан бері елі­міздің батыс аймағындағы облыс­тар мен Қарағанды облысын­­да тіркелмеген. Сол үшін мәйіт до­норлығы бағытына адамдар көптеп тартылса екен деген ниет бар. Ол үшін өз дене мүшесін беретін адамның «қарсы емеспін» деп қолы қойылған келісімі ғана қажет. Әлем ғалымдары ота сәтті өтсе трансплантациялауға түскен екі адамның да денсаулығына айтарлықтай зиян келмейтінін дәлелдеген. Ақтөбе облысында жасалған 2016 жылғы отадан айтылған сөздің дәлелін толық аң­ғара алдық. Ана­сына қызы ба­уырының жарты бөлігін беріп, нә­тижесінде екеуі де жақсарып, 1 аптаның ішінде үйлеріне жіберілді, – дейді еліміздің ба­­тыс облыстары бо­йынша транс­план­тация ісінің жетекші маманы Мылтықбай Рысмаханов.

Трансплантация ғылымына сәйкес мәйіт донорлығы арқылы бір адамның денесінен сегіз түрлі ауруға шалдыққан сегіз адамды аман алып қалуға болатыны айтылады.

Ақтөбе облысы аталған бағытта еліміз бойынша алдыңғы қатарда келе жатқан өңір саналады.Осы уақытқа дейін трансплантация отасын жа­сатқан жандардың ішінде маңғыстаулықтар да бар. Олар осы арқылы өз өмірін сақтап қала алған. Ауруханалар мен баспасөз беттерінде мәйіт донорлығын насихаттау арқылы көптеген адам­ға жақсылық жасауға болаты­нын дәрігерлер де растап отыр. Мәйіт донорлығына түсетін адам көп жағдайда науқасқа шалдыққан өз туыстарын құтқаруда аса қажет болады. Сол себепті де алдағы кезеңде Маңғыстау об­лы­­сында трансплантация сала­сын қарқынды дамыту жо­лын­­­да маңызды шешімдер қа­был­­­данға­лы отыр.

Мадияр ТӨЛЕУОВ