Кеше, 18 қыркүйек күні Yessenov University «Бизнес және құқық» факультетінде «Парсы тілін үйрену және Иран мәдениетімен танысу» кабинетінің ашылу салтанаты өтті, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Оған Ақтау қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы мұрындық болған.

Негізгі мақсат – көршілес Иран Ислам Республикасының мәдениеті мен тарихын, тілі мен дәстүрін университеттің білім алушыларына таныстыру. Сонымен қатар бұл Каспий маңы мемлекеттерімен ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағытындағы алғашқы қадамдардың бірі болып отыр.

Салтанатты шараға  қатысқан қонақтардың қатарында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Жұмашев Қаныбек Бекболатович, Ақтау қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулы Хабиболла Малакути Фар мырза, Әзірбайжан Республикасының Бас консулы Меммедов Елмар Рехим оглы, Түркия Республикасының Бас консулы Korhan Kungeru, Түркменістан Республикасының Бас консулы Овезов Мухамметнур Мухамметбердиевич және Өзбекістан Республикасының Бас консулы Нодиржон Тургунов қатысты.

Шара барысында сөз алған Ш.Есенов атындағы КМТИУ ректоры Берік Ахметов Иран Ислам Республикасының Бас консулдығына және шақырылған қонақтарға шексіз алғыс білдірді.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ