Сурет egemen.kz алынған

Асқар Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды, —  хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

«Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын», —  делінген Жарлықта.

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің атауы өзгергенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Асқар Жұмағалиев ведомствоны 2018 жылдың желтоқсанынан бері басқарып келеді.