janaozen ozen Жаңаөзен
Көрнекі сурет сайттың архивінен

Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары» мен «Жаңаөзен қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасының» жүзеге асырылу барысы туралы баспасөз брифингінде мәлімдеді. Қала әкімі жиында Жаңаөзен қаласының тұрғындарын жұмыспен қамту шаралары туралы нақты көрсеткіштерін жариялады.

Қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласындағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 128,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,0 млрд. теңгеге өскенін көрсетеді. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 98,3% құрады. Өнеркәсіп өнімінің  көлемі өткен жылмен салыстырғанда жоғары болғанымен, өнеркәсіптің басқа салалары бойынша төмендеп отыр.

«Өндіріс саласындағы техникалық қызмет көрсету жұмыс көлемінің өткен жылға қарағанда төмендеу себебі:«ӨзенМұнайГаз» АҚ-на техникалық қызмет көрсететін «Бұрғылау» ЖШС-і арқылы көрсетілген техникалық қызметтер 01.09.2019 жыл кезеңіне 28,0 млрд. теңгені құраса, ал 01.09.2018 жыл кезеңіне – 30,0 млрд. теңге болған, яғни 2,0 млрд. теңгеге азайып отыр. Бұдан басқа табиғи газ өндірудің азаюынан негізгі капиталға салынған инвестиция (НКИ) азайып отыр.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі  25,9 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 4,1 млрд. теңгеге немесе 16,9%-ға азайып отыр (2018 ж. қаңтар-тамыз айларында – 30,0 млрд.теңге). Төмендеу себебі: жеке тұрғын үй құрылысына салынған ивестиция көлемі 2019 жылдың 6 айында 6,0 млрд. теңгені құраса (455 үй), 2018 жылдың 6 айында 11,0 млрд.теңге болған (665 үй), яғни 5,0 млрд. теңгеге (210 үй) азайып отыр. Бұдан басқа 2018 жылы 900 орындық 3 мектептің құрылысы жүргізілген болатын, құны – 4,5 млрд.теңге және «ОралМұнайПром» ЖШС тарапынан 3,0 млрд. теңгеге электрстанциясын салды», — деді Мақсат Ибағаров.

Жаңаөзеннің даму деңгейі қандай?

Қала әкімінің айтуынша, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 80,6 мың шаршы метрді құрады, 2018 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда 82,0% құрады Ал өткен жылдың қаңтар-тамыз айларында – 98,2 мың шаршы метр. Мақсат Ибағаров көрсеткіштің төмендеу себебін Жаңаөзен қаласында жеке тұрғын үйлерге арналған жел телімдері 2010 жылдан бастап бөлінбегенімен түсіндірді. 2010 жылға дейін берілген жер телімдерінің қабылдау актілері тіркеліп болған. Жаңаөзен қаласының және оған іргелес ауылдарда тұрғын үй құрылысы салынғанымен,  қабылдау актісі рәсімделмеген тұрғын үйлерге ескерту беріліп, жұмыстар жалғасу үстінде.

Кешенді жоспар нәтижелері

Жаңаөзен қаласында жылына орташа есеппен 3700-ге жуық бала дүниеге келеді. Қаланың Бас жоспары бойынша халық саны 2035 жылға дейін – 200,0 мың адамға, 2025 жылға дейін – 150,0 мың адамға дейін өсім көрсетілген.

Мұнайшылар қаласының жалпы аумағы 0,515 мың шаршы шақырымды, облыс аумағының 0,3%-ын құрайды. Жаңаөзен қаласының әкімшілік-аумақтық құрамына Теңге, Қызылсай және Рахат ауылдары кіреді.

«Халық санының ықшамдауын есепке алумен, мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатырған құрылыс саласындағы өзгерістерді іске асыру мақсатында, Жаңаөзен қаласын салудың 2025 жылға дейінгі Бас жоспары қайта жасақталып, Жаңаөзен қалалық мәслихаттың 26.09.2012 жылғы №9/78 шешімімен мақұлданып, облыстық мәслихаттың шешімімен 07.12.2012 жылғы №7/91 шешімімен бекітілді.

Жаңаөзен қаласын әлеумет­тік­-экономикалық дамы­ту – Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларын, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағ­дарламасын, «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-­экономи­калық дамытудың 2019–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына», «Жаңаөзен қаласын дамытудың 2016–2020 жылдар­ға арналған бағдарламасын» іске асыру арқылы жүзеге асырылуда», – деді Мақсат Оңғарбайұлы.

Әкімнің айтуынша, «Ағымдағы жыл­дың 10.04.2019 ж. №176 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Маңғыстау об­лысының Жаңаөзен қаласын әлеумет­тік-­экономикалық дамытудың 2019–2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарында мынадай шаралар қабылданған:

  • Жаңаөзен қаласының шамадан тыс қоныстану проблемасын шешу;
  • Мұнай-­газ саласы кәсіпорындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
  • Жаңаөзен қаласының тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
  • Шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру;
  • Жаңаөзен қаласының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын қолдау.

Бұл мәселелер экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, ха­лықтың әл­ауқат деңгейі мен өмір сүру са­пасын арттыруға бағытталған және қаланың әлеуметтік­экономикалық проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.

Сондай­-ақ белсенді шағын кәсіпорын­дардың санын көбейту, жаңа жұмыс орын­дарын құру, күнкөріс және жұмыссыздық деңгейін төмендету, апаттық тұрғын үй­лердің санын азайту жұмыстары да жос­парға алынған.

«Жаңаөзен қаласының даму әлеуеті орташа моноқала ретінде айқындалды. Демографиялық әлеуетіне тоқталсақ, Жаңа­өзен қаласының және оған іргелес елді мекендер халқының саны 2019 жылдың 1 тамызына дейін 152,7 мың адамды құрады, оның ішінде қала халқы – 81,2 мың адам, ауыл халқы – 71,5 мың адам (2018 жылы – 151,1 мың адам, 2017 жылы – 147,9 мың адам), облыс бойынша халық санының 22,4%­-ын құрады. Халық санының динами­касы бойынша 1991 жылы – 57,6 мың адам, 2000 жылы – 66,0 мың адам, 2005 жылы – 79,4 мың адам, 2010 жылы – 118,7 мың адам, 2015 жылы – 140,6 мың адам, 01.08.2019 ж. 152,7 мың адамды құрады. Халық санының бұрынғы жылдардағы негізгі өсімі ТМД елдерінен келген оралмандардың санына байланысты болған. Соңғы жылдары халық саны – табиғи өсімі негізінде қарқындап өсуде. Жылына орташа есеппен 3700-­ге жуық бала дүниеге келеді», – деп мәлімдеді қала әкімі.

Халықты үймен қамту үшін…

Жаңаөзен қаласында тұрғын үймен қамту мәселесін шешу бағытында Кен­дірлі аймағында жаңа елді мекен құру қажеттілігі туындаған. Қала әкімінің ай­туынша, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде 4 444 арыз тір­келген. Оның ішінде жетімдер тізімі  – 229, әлеуметтік осал топтар – 1 793, бюд­жет саласының қызметкерлері – 2  422. «Қала халқының өсуіне байланысты қала тұрғындарын  баспанамен қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейін төмен­дету мақсатында, Кендірлі аймағында жа­ңа елді мекен құру қажеттілігі туындауда. Осыған орай, жаңа аудан құрудың басым бағыттарын және күтілетін нәтижесін атап айтатын болсақ. Жаңаөзен қаласына қа­расты 3 ауыл (Теңге, Рахат, Қызылсай) жаңа құрылған ауданның құрамына кіріп, Жаңаөзен қаласының халық саны 81,3 мың адамды құрайтын болады. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі төмендейді, ауыз су тапшылығы жойылады, жер учаскесін алу және пәтер кезегі азаяды деп отырмыз. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытын ай­тар болсақ, қазіргі таңда Жаңаөзен қаласы және оған іргелес елді мекендерді қоса алғанда жер аумағы – 51,5 мың га құрайды, оның ішінде елді мекендердің аумағы – 43,6 мың га, өнеркәсіп мақсатындағы жерлер – 7,9 мың га, ауыл шаруашылық мақсатында жерлер жоқ», – дейді қала әкімі.

Мақсат Ибағаров, сондай-­ақ Кендірлі аумағынан ауыл шаруашылық мақсатында жерлер беріліп, құс фабрикасын, жылыжай­лар, ет, сүт өңдейтін цехтар салу, теңіз порты арқылы сауда-­саттықты дамыту мақсатында халықаралық сауда кешендерін құру туралы жоспарлар бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар әкім Кендірлі айма­ғында бастапқыда халық саны 5 мыңға жуық адамды құрайтын жаңа елді мекен құрып, оны аудан орталығы статусын беру ұсынысы бар екенін айтты. Инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге жо­бамен 4,4 млрд. теңгені қажет етеді. Оның ішінде электрмен қамту – 651,0 млн. теңге, көшелерді жарықтандыру, 10 шқ. – 153,0 млн. теңге, газбен қамту – 1,2 млрд. теңге, су­ мен қамту және резервуар салу – 1,4 млрд. теңге, кәріздік жүйенің құрылысы– 324,0 млн.теңге, автомобиль жолдарын салу, 15 шқ. – 600,0 млн. теңге. Әлеуметтік нысан­дармен қамтамасыз етуге жобамен – 2,1 млрд. теңге қажет етеді. Оның ішінде 140 орындық балабақша салу – 470 млн. теңге, 600 орындық мектеп – 1,0 млрд. теңге, дәрігерлік амбулатория – 206,0 млн. теңге, әкімшілік ғимарат – 203,0 млн. теңге, дене шынықтыру кешені – 252,0 млн. теңге.

Нәтижесінде инженерлік инфрақұры­лымның құрылысы кезінде құрылатын жұмыс орындар саны – 1500, әлеуметтік ны­сандар іске қосылғаннан кейін құрылатын жұмыс орындар – 460.

Бұдан бөлек «Құрық–Кендірлі» автомо­биль жолының құрылысы жоспарға енгізіл­ген. Бұл жоба бойынша 2008 жылы ЖСҚ жасақталған, автомобиль жолдарының ұзындығы – 102,9 шқ, жобаның құны – 18,1 млрд. теңге болып отыр, нәтижесінде аудан орталығына тұрғындардың ешбір кедергісіз және жылдам жетуі, құрылыс кезінде құ­рылатын жұмыс орындар – 50 бірлік болмақ. Мақсат Оңғарбайұлы қорытындылай келе, осы жоспарлы жұмыстардың жал­пы күтілетін нәтижелерді атап өтті. Яғни нәтижесінде 5 мың адам көшіріледі, 20 мың жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздық мәселесі жойылады, қала халқы 81 мыңның жобасына тұрақтайды, облыс әлеуметтік­экономикалық тұрғыда өркендеп, өңірде туризм саласы, сондай­-ақ агроөнеркәсіп кешені де ілгерілей түспек.

Әлеуметтік мәселе шешімін табады

Жаңаөзен қаласы бойынша жыл басы­нан бері сегіз айдың көлемінде 3 854 жаңа жұмыс орны құрылған. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеу бойынша Жаңаөзен қаласына жергілікті және республикалық бюджеттен 2019 жылға 674,5 млн. теңге бөлініп, жыл соңына дейін 560,0 млн. теңге қосымша қажет етеді екен. Әкім қала бойынша экономикалық қызметтің барлық түріндегі жұмысшылардың орта­ша еңбекақы 2019 жылдың қаңтар–тамыз айында 447662 теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда 9,9%­-ға өскенін айтады.

Жұмыспен қамту орталығының ақпа­ратына сәйкес Жаңаөзенде осы жылдың қаңтар–тамыз айларында 3 854 жаңа жұ­мыс орны құрылып, өткен жылмен салыс­тырғанда 102,3% өскен. Жыл басынан жұ­мыссыз азамат ретінде хабарласқандар саны – 8625 адам, оның ішінде жастары – 4 700 адам, яғни 54,5%.

1 қыркүйекке дейінгі тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 2 253 адам болса, оның 1 458-­і – жастар. Жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрады. Жыл басынан бері 3 991 жұмыссыз жан әлеуметтік шаралармен қамтылған. «Бизнес бастау» кәсіпкерлік негіздері бойынша 44 адамға несие берілген. Жұмыссыздарды оқыту және қайта даярлау курстарына 30 адам жолданған.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны қыркүйек айындағы көр­сеткіш бойынша 1 391 отбасы 7 994 адам­ ды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 034 от­басы 6 114 адамға көбейіп отыр. Нақтырақ айтқанда Жаңаөзен қаласы бойынша жанұяға кіретін кіріс көзін есепке алмай төрт және одан көп 18 жасқа дейінгі бала­ларды тәрбиелейтін ата-­аналарға төленетін ай сайынғы 10 605 теңге жәрдемақысы 2018 жылдан бастап тоқтатылып, кедейшілік ше­гінен төмен тұратын отбасыларға төлене бастады. Яғни АӘК алушылардың санының күрт өсуі, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап белгіленген күнкөріс деңгейінің 70 пайызға өсуінен болып отыр», – деді қала әкімі.

Мақсат Ибағаров Жаңаөзен қаласындағы әлеуметтік саланың мәселелері рет-­реті­ мен шешіліп жатқанын атап кетті. Жаңа­өзен қаласы бойынша білім беру жүйесін қаржыландыруға 2019 жылға 12 436,8 млн. теңге қаржы бөлініп, бұл қала бюджетінің жалпы көлемінің 57,9%-­ын құраған.

«Білім беру жүйесі 91 мекемені қамтиды, оның ішінде: 56 мектепке дейінгі білім беру мекемелері. Балабақшалар саны 2014 жылмен салыстырғанда 41­-ден 56 бірлікке дейін жетті, яғни балаларды балабақшамен қамту 100%-­ға дейін жетті. 26 жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар саны 2019/2020 оқу жылында 32 601 баланы құрайды. Ал білім беру саласында педагог қызметкерлер саны – 3 851 штаттық бір­лік. Педагогтар арасында кадр тапшылығы бар, мәселен 2018 жылы 20 маман жетіс­педі. 2019 жылы 26 маман жетіспеді. Жал­пы Жаңаөзен қаласы бойынша апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымда оқытатын мектептер жоқ», – дейді әкім.

Дегенмен қала әкімі балалар санының артуына байланысты 1200 орындық мек­теп салу жоспарланғанын жеткізді. Қазіргі уақытта жобаның жобалық сметалық құ­жаттамасын түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құжат осы жылдың желтоқсан айында дайын болмақ.

Денсаулық сақтау саласы бойынша Жа­ңаөзен қаласында атқарылған жұмыстар да, шешілуі тиіс мәселелер де бар. Бүгінде қала бойынша барлығы 13 медициналық мекемелер қала халқына, Қызылсай, Теңге, Рахат ауылдарына, сонымен қатар Қарақия ауданы тұрғындарына стационарлық меди­циналық қызмет көрсетеді екен. Сонымен қатар созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарға «Гемодиализ орталығы» тегін көмек көрсетеді.

«Денсаулық саласында дәрігерлер ара­сында кадр тапшылығы күрделі мәселе болып отыр. Мәселен, былтыр 29 дәрігер­ маман жетіспеді, олар: кардиолог, хирург, акушер­гинеколог, невропатолог, жалпы тәжірибелі дәрігер, неанотолог, маммо­лог және т.б. 2019 жылы акушер-­гинеко­лог дәрігер, инфекционист дәрігер, бала­лар анестезиолог­реаниматолог дәрігері, ЖТД дәрігер, окулист дәрігер, лор дәрі­гер, онколог дәрігер, невропатолог дәрігер жетіспеушілігі бар. Кадр жетіспеушілігін шешу жолдары ретінде жас мамандарға бір реттік ақшалай көмек және тұрғын үй мәселесін шешу қажет деп ойлаймын. Со­нымен қатар жүрек ауруына шалдыққан науқастарға қала аумағында медициналық көмек көрсету мақсатында, жеке инвестор қаражаты есебінен кардиоорталық ашу жұмыстары жүргізілуде, 2019 жылдың қазан айында қолданысқа беріледі деп жос­парланып жатыр», – дейді Мақсат Ибағ­аров. Қала әкімі сөз соңында Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-­экономикалық дамыту­дың 2012–2020 жылдарға арналған кешен­ді жоспары шеңберінде «Өзенмұнайгаз» АҚ-­ның қаражаты есебінен «Жаңаөзен қаласындағы 50 кереуеттік стационары бар медициналық орталықтың құрылысын аяқ­тау» жобасының жобалық сметалық құ­жаттамасына (ЖСҚ) түзетулер жүргізіліп, бюджет қаражаты есебінен 180 кереуеттік «Жаңаөзен қаласында қалалық аурухананың терапевтік корпус ғимаратын салу» жобасы тоқтап қалуына байланысты жұмысын жан­дандыруды қажет етілетінін жеткізді.

Жайық НАҒЫМАШ