Ақтау қаласы әкімдігіне қарасты қалалық қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен Ақтау қалалық мәдени-демалыс кешенінде Ақтау қаласының 56 жылдығына орай, Маңғыстау облыстық чемпионатының дәстүрлі жартылай финалдық ойындары өтті.

Жастардың шығар­машылығын дамыта отырып қолдау көр­сету, жастар арасындағы достық қарым­-қатынасты күшейту, бос уақыттарын ұтымды және тиім­ді пайдалану мақсатында ұйым­дастырылған жартылай финал­дық ойынға Ақтөбе облысы Қ.Жұбанов атындағы «Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универси­теті», Түпқараған ауданы, Ақ­шұқыр ауылы, «Ақшұқыр» құ­рамасы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылы, «Ауылдастар» құрамасы, Мұнайлы ауданы, Атамекен село­сы, «Татьяна» құрамасы, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық коллед­жі «МГК» құрамасы, Жаңаөзен қаласы «ӨзенМұнайСервистің» «Жалын» құрамасы, Қазақстан теміржолы «Маңғыстау.кз» құра­малары қатысты.

Аталған командалар сәлемдесу, бес сайыс, көрініс сайыстары бойынша бақ сынап, жиналған көрерменнің қошеметіне бөленді. Ойын соңында әділқазылар шеші­мімен келесі финалдық ойынға бес команда өтсе, «Үздік коман­да» номинациясын «Маңғыс­тау.кз» тобы иеленді, ал «Үздік ойыншы» номинациясын Нұртай Қоңыратбаев қанжығасына байла­ды. Командалар алғыс хаттармен марапатталды.

Үміт ЖӘЛЕКЕ