«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ғимаратында аймақ басшысының орынбасары Қаныбек Жұмашев қоғамдық қабылдау өткізді. Бас қосуға әр сала бойынша жауапты мамандар шақырылды. Қоғамдық қабылдауға түрлі мәселе бойынша 15 адамның бірі медицина саласы бойынша квота сұрап келсе, енді бірі баспана керектігін айтып жәрдем сұрады.

Қоғамдық қабылдауға келгендердің бірі – Мұ­найлы ауданы, Басқұдық селосының тұрғыны Рашилбек Нысанов. Өзі келе алмаған соң, орнына жұбайы Ақтоты Рахметова келді. Айтуынша, жолдасы – екінші топтағы мүгедек. Сол аяғын емдету үшін «Sofie Med Group» көп салалы клиникаға барған. Алайда ондағылар лимиттің жоқтығын айтып қайтарып жіберген. Нұр­-Сұлтан қаласына барып емделуге қаржы тапшы. Енді аяғына ота жасатып, эндопротез салдырту қажет. Соған порталға тір­келуге көмек сұрап келген. Науқастың жағдайымен таныс­қан облыс әкімінің орынбасары Қаныбек Бекболатұлы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшы­сы Әнуар Сағымбаевқа қолдан келетін көмекті көрсету керектігін айтты. Медицина сала­сының қызметкерлері науқасты облыстық ауру­ханада тексерістен   өткізіп, медициналық көмек көрсететіндерін жеткізді.

Қабылдауға келгендердің арасында баспана мәселесін көтеріп, көмек сұрағандары аз емес. Солар­дың бірі – Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов ауылының тұрғыны Ләззат Мағзұмова. Бірінші топтағы мүгедек бүгінде сарайда бас сауғалап отырғандарын айтып, баспана сұрады. Тұрғынның мәселесін тыңдағаннан кейін, Қаныбек Жұмашев Түпқараған аудандық әкімдігіне үй мәселесі бойын­ша хат жолданатынын жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары қабылдауға келген тұрғындардың мұң­-мұқтажын зерттеп, оның шеші­лу жолын табу керек екендігін жауапты органдардың өкілдеріне қадап тапсырды.

Өз хабаршымыз