Бұрынғы салық саласы — Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары болып құрылғанына биыл 5 жыл толып отыр. 14 тамызда тойланған мерейтой қарсаңында Қарақия ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ақпараттарды қабылдау және өңдеу бөлімінің бас маманы Бекжанов Лесбай Дайрабайұлы ҚР Қаржы министрлігі, «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төс белгісімен наградталды.

Қарақиялық салық қызметкері "Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі" атанды

Мемлекеттік кіріс — халықтың қазынасы. Бұл саланың негізгі қызметі – салықтық түсімдерді, кедендік төлемдерді және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді алудың толық және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету, көлеңкелі экономикаға қарсы тұру.

Салық саласында көп жылдық еңбек тәжірибесі бар саңлақ салықшы Лесбай Дайрабайұлын және Қарақия ауданы бойынша кірістер басқармасы ұжымын айтулы мерейтойымен, қол жеткізген жоғары жетістігімен құттықтап, ел ырысын еселеуде бұдан да биік шыңдарды бағындыра берулерін тілейміз!

Шынар Кендін