Ақтоты Райымқұлова
Сурет primeminister.kz алынған

Ақтоты Райымқұлова Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

«Ақтоты Рахматоллақызы Райымқұлова Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалсын», — делінген Жарлықта.

Ақтоты Рахметоллақызы 1964 жылы 2 мамырда Алматыда дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының композиция және фортепиано мамандықтары бойынша түлегі. Көптеген музыкалық туындылардың авторы, олардың ішінде «Ел бақыты», «Apple of Peace», «Көкжал» кантатысы, «Толғау», «Дала сыры» және «Жәмиля», симфониялық поэмаларының, «Аспан көші» екі актілі балеті, «Алатау» пьесасы, «Соңғы сезім», «Тұзды шөл», «Абай», «Еңлік-Кебек», «Абылайхан», «Естайдың Қорланы», «Гамлет», «Қорқыттың көрі», «Сыған серенадасы» секілді спектакльдерге музыкалық туындылардың, фильмдер мен сериалдарға саундтректердің авторы.

Түрлі жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының концертмейстері және оқытушысы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогигалық институтының оқытушысы болып қызмет етті. ҚР Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитетінің төрайымы болды.

2014 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры қызметін атқарды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымында болды.

Ақорда сайтында Мемлекет басшысының Жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылғаны жарияланды.