Сурет сайт архивінен

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бақыт Сұлтанов Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.  

«Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасының Сауда  және интеграция министрі болып тағайындалсын», — делінген Жарлықта.

Бақыт Тұрлыханұлы 1971 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мамандығы инженер-электрик, экономист.

1994-1997 жж. — ҚР Қаржы министрлігінің жетекші экономисі, мемлекеттік бағалы қағаздар басқармасы бастығының орынбасары — бөлім бастығы.

1996-1997 жж. — ҚР Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық мемлекеттік қарыз және кассалық қаржы басқармасы бастығының орынбасары.

1997-1998 жж. — ҚР Қаржы министрлігі бюджеттік департамент директорының орынбасары, мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент директоры.

1998-1999 жж. — ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының орынбасары.

1999-2002 жж. — ҚР Қаржы министрлігі бюджеттік департамент директорының орынбасары, мемлекеттік бюджет департаменті директорының орынбасары, директоры.

2002-2003 жж. — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік саясат департаментінің директоры.

2003-2006 жж. — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары.

2006-2007 жж. — ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы, ҚР Қаржы министрінің орынбасары.

2007-2010 жж. — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

2010 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

2012 жылдың қаңтар-қараша аралығында ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2013 жылдың қарашасынан 2014 жылдың тамызына дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-ҚР Қаржы министрі.

2014 жылдың тамызынан 2018 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Қаржы министрі.

2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың маусым айына дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.