Маңғыстаулық дзюдо бапкері Жомарт Қобланов халықаралық дәрежедегі төреші атанды. Ол Халықаралық дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен Таиланд мемлекетінің Чианг-Май қаласында өткен төрешілердің сынақ емтиханына қатысты. Онда сұраққа 100 пайыз жауап беріп, сыннан сүрінбей өтті, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Сынақ маусымның 12-16 күндері аралығында болған. Оған 25-50 жас аралығындағы 37 бапкер қатысқан. Соның ішінде елден 2 спортшы барған. Онда күрестің техникасы бойынша сынақ тапсырып, білікті мамандармен әңгімелесу өткен.

Маңғыстаулық Жомарт Қобланов халықаралық дәрежедегі төреші атанды

«Халықаралық семинар үш күнге, ал емтихан екі күнге созылды. Бірінші күні өзіміз жайлы ақпаратты білікті мамандармен әңгімелесу барысында ағылшын тілінде айттық. Екінші күні дзюдо күресінің әдістерінен сынақ тапсырдық. Барлығы ойдағыдай өтті», — дейді дзюдо бапкері Жомарт Қобланов.

Дзюдо бапкерінің айтуынша, емтихан аяқталған соң жарысқа төреші болған. Емтиханнан өткендер халықаралық төреші атағына ие болды. Шарада дзюдодан Азия одағының рефери – директоры Такао Кологучи Жомарт Қоблановқа халықаралық төреші дәрежесін табыстады. Жомарт Қобланов — 25 жасқа қараған шақта дзюдодан халықаралық төреші дәрежесін алған тұңғыш ең жас қазақстандық спортшы.

Маңғыстаулық Жомарт Қобланов халықаралық дәрежедегі төреші атанды

Жомарт Қобланов дзюдо спортына 7 жасында келген. Сондай-ақ 6 жылдан бері бапкерлікпен айналысады. Қазір таңда «Жас батыр» спорт мектебінде жастарды дзюдо спортына баулып жүр.

Маңғыстаулық Жомарт Қобланов халықаралық дәрежедегі төреші атанды

Оның шәкірттері республикалық, халықаралық дәрежедегі додалардың жүлдегерлері. Атап айтқанда Мұхамбет Зұлхарнаев Азия жеңімпазы атанса, Нұрбек Қуанышұлы ҚР жеңімпазы, Төрекен Қобланов — халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Сонымен қатар Әйгерім Еламанова ҚР чемпионатының жеңімпазы болса, Жанбота Мұханова ҚР чемпионатының қола және Айкүн Рахметова күміс жүлдегері, ал Нұрсұлтан Жұбатқан ҚР чемпионатының жеңімпазы екен.

Маңғыстаулық спортшылар Жомарт Қоблановты жетістігімен құттықтап, шәкірттерінің де биіктен көрінуіне тілек білдірді.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Суреттерді ұсынған «Жас батыр» спорт мектебі