Сурет stroika.in.ua алынған

Сот процесіне кешігіп келген құрылыс компаниясының басшысына 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Ақтау қаласының №2 сотына сілтеме жасап mangystaumedia.kz сайты.

Сотта жаңа тұрғын үйдің тұрғындарының салушы компаниясына сатып алу-сату шартын орындату туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралған.

Ақтау қаласының №2 соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот шешімен тұрғындардың талап қою арыз ішінара қанағаттандырылды.

«Салушы компанияның директоры Н. сот отырысына сот отырысының болатын уақыты мен жері көрсетілген хабарлау қағазын алдын ала табыстау арқылы шақыртылған.  Алайда ол  процесске кешігіп келген. Н.-ға қатысты ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен сотты құрметтемеушілік туралы хаттама толтырылған. Аталған материал Ақтау қаласының мамандырылған әкімшілік сотына әкімшілік іс жүргізу тәртібінде қарау үшін жолданды», — деп мәлімдеді соттағылар..

Құрылыс компаниясының басшысы Ақтау қаласының мамандырылған әкімшілік сотының қаулысымен кінәлі деп танылды. Енді ол 20 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.