siria kutkaru Сириядан құтқарылған

Маңғыстау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ұйымдастыруымен Сирия елінен жеткізілген азаматтардың қызылша инфекциясына қарсы иммунитетінің болмауына және республика аймағында, өңірімізде қызылша жұқпасының қолайсыз эпидемиологиялық жағдайына байланысты қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы иммундау ұйымдастырылды. Азаматтарды егу шарасын №2 Ақтау қалалық емханасының медициналық қызметкерлері жүргізді.

Департамент мамандарының айтуынша, иммундауға барлығы 290 адам жоспарланған болатын. Алайда оның ішінде 131 адам егілді.  Медициналық  қарсылық-121, егу жасына жетпеуіне байланысты 11, егуден бас тарту себебімен 27 адам егілмеді.

Егілген адамдарға медициналық бақылау жүргізілді, егілгендер арасынан вакцинациядан кейінгі реакциялар мен асқынулар тіркелмеді.

   Валентина ҚОЗЫБАҚОВА