шабыттан

Ақтауда Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің 45 жылдығы мен Жастар жылы аясында ұйымдастырылған «Шабыттан, Жаса, Жарқыра» шығармашылық мега жобасының үшінші айналымы өз мәресіне жетті, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Керемет кештің шымылдығы Гулжанар Рафхатқызының жаңа «Киелі сахна» әнімен ашылды. Жаңа туындыны «Әуен» тобы ән авторымен бірге орындап шықты. Қатысушыларға Маңғыстаудың ең үздік жас дауыстары қолдау көрсетті. Ерекше дуэттер мен арнайы дайындалған шоу бағдарлама көрермен көңілінен шықты.

Кеш аясында қатысушыларға қолдау көрсеткен өңірге белгілі жас әншілер Ақтау қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Гүлжазира Алдашеваның Алғыс хатымен марапатталды.

Ал жоба жеңімпаздары Жастар күнінде Амфитеатр сахнасында өтетін гала-концертте анықталады.

Еске сала кетейік, бұл жоба туралы бұдан бұрын жариялаған болатынбыз.

Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН