Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінен тұрады. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделеді.

Қазақстан Республикасының аумағында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам осы Кодекс бойынша жауаптылыққа тартылуға тиіс.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері-адамның және азаматтың, бостандықтары мен заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу.

Кодексте, кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту, кәмелетке толмаған адамды мас болу күйіне дейн жеткізу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру, он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы бойынша жасалған іс-әрекеттер бойынша жазалар қолданылатыны көрсетілген.

Аталған Кодексте ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылық қарастырылған.

Баршаңызға мәлім 2010 жылдың 29 қыркүйек айында Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңы қабылданған.

Аталған Заңның басты міндеті құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.

Ата заңымызда ата-аналар балдарына қамқорлықпен қарап, олардың жалпы орта білім алуларына, тәрбиесіне жауапты екені көрсетілген.

Сондықтан, әрбір азамат заң талабын сақтап, әркезде құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, өз міндеттеріне аса жауаптылықпен қарауға тиіс

М.Кожиева
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы