вич аитв

Қараша айының басында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында акция басталды. Ондағы мақсат — халықтың назарын АИТВ-инфекциясы мәселесіне аудару және азаматтардың хабардарлығын арттыруға, адам құқығын қорғауды қамтамасыз ету. Акцияға үн қосқан ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығының мамандары науқан аясындағы шараларға кірісіп кетті.

«Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» ұранымен ұйымдастырылған алғашқы шаралардың бірі облыс орталығындағы «Әлем» базарынан бастау алды. Мамандар акция барысында базар жұмысшылары мен келушілерге Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны және оның маңызы туралы, қалада АИТВ инфекциясының берілу жолдары және алдын алу шаралары жайында әңгімеледі.

Осылайша «Әлем» базарындағы акцияға 70 адам қатысып, 25 адам өз еркімен шұғыл тестілеуден өтті. Акцияға қатысушылардың барлығына ақпараттық көрнекі қағаздар таратылды.

Ақтау сауда үйлерінде ЖИТС-ке арналған тестілеу өтті

Дәл осындай шара Ақтаудағы «Маңғыстау» сауда орталығында да ұйымдастырылды. Мұнда 21 адам шұғыл тестілеуден өтіп, талдама нәтижелері АИТ вирусын көрсеткен жоқ.

   Валентина ҚОЗЫБАҚОВА