Ақтау қаласындағы №6656 әскери бөлімшеде 182 сарбаз әскери ант қабылдады. Отан алдындағы борышын өтеу үшін сарбаздар Түркістан, Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстарынан келген, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Салтанатты рәсімге жас жауынгерлердің туыстары келді.  Сонымен қатар сарбаздарды Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев құттықтады.

Ақтауда 180-нен аса сарбаз әскери ант қабылдады Подполковник Нұрлан Қожамбердиевтің айтуынша, №6656 әскери бөлімінің командирі әскери қызметшілерді қоғамдық орындарды қорғауға, құрылыс алаңдарына, түзеу мекемелеріне шақырылады.

Ақтауда 180-нен аса сарбаз әскери ант қабылдады«Сарбаздар 6 күн алғашқы әскери, 24 күн бойы жауынгерлік дайындықтан өтті. Енді әскери ант қабылдағаннан кейін өздерінің негізгі міндетін орындауға кіріседі», — дейді бөлім командирі.

Жас сарбаздардың туған-туысы Ақтау гарнизоны әскери оркестрі алаңында Найл Валиеваның басқаруымен әскери қызметшілер шеруін тамашалады. 

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН