кәмелетке толмаған

   Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматша К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы К. 25 қараша 2015 жылы сағат 22.15 шамасында кәмелетке толмаған 10.12.1999 жылы туылған Н. Ақтау қаласы, 7 шағын ауданында орналасқан «Дейст» мейрамханасында түнгі мезгілде заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта жүргені анықталды.
Сот отырысында К өзіне тағылған кінәні толық мойындап, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамадағы мән-жайды қуаттады.
Сот қаулысымен Қазақстан Республикасының азаматша К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 132 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде — 59 460 теңге әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.