Сурет Лада.кз алынды

Бүгін Ақтауда 33 пен 34 шағынаудан тас жолында жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға орнында бір адам қаза тапты, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Жол-көлік апатында «Toyota Camry», «Geely» және «Hyundai Accent» автокөліктері соқтығысқан.

«Аталған оқиға ҚР Қылмыстық Кодексі 345-бабының 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА