passport паспорт төлқұжат Қазақстан визасыз
Сурет FinBiz.kz сайтынан

Мәжіліс депутаттары несие бойынша мерзімі өткен берешегі бар қазақстандықтар үшін шетелге шығуға тыйым салуды тоқтатуды ұсынды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ төлем қабілеті жоқ қарыз алушыларға несие беретін банктерге қойылатын талаптарды күшейту туралы ұсыныс жасалды.

«Мұндай демотиваторларға мерзімі өтіп кеткен қарыз өтелмеген жағдайда шетелге шығуға тыйым салуды жатқызуға болады. Жеке ұйымдарға жататын банктер қарыз алушыларды іріктеу кезінде өз қателіктері үшін азаматтардың жүріп-тұруын шектемеуі тиіс. Сонымен қатар, төлем қабілеті жоқ қарыз алушыларға несие беретін банктерге қойылатын талаптарды күшейту қажет», — деді депутат Ирина Смирнова.

Ұсынысқа «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары Жамбыл Ахметбеков, Галина Баймаханова, Айқын Қоңыров, Владислав Косарев, Магеррам Магеррамов және Тұрғын Сыздықов қол қойды.