Сурет сайт архивінен

Маңғыстаулық 700-ден аса студент қызмет көрсету саласы бойынша Түркияда білімін жетілдіреді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Студенттер қонақ үй, мейрамхана, туристік қызмет көрсету, тамақтану саласында даярлықтан өтеді. Әрі қарай әлемге танымал «Rixos» қонақ үйлер желісінде тағылымдамаға жіберіледі.

Айта кетейік, Ақтаудан 20 шақырым қашықтықта ірі демалыс кешені салынып жатыр. Онда 5 жұлдызды қонақ үй, ірі аквапарктер, ойын-сауық орталықтары орналасады. Арнайы дайындықтан өткен мамандар осы демалыс кешенінде қызмет етеді.

«Оқуға жіберілетін студенттер іріктеледі. Арнайы мамандар таңдап алады. Бастысы, оқуға жігері бар, Ақтаудағы қонақ үйде қызмет ететін үздік мамандар даярланады. Мысалы, аспаздар, даяшылар, бақша күтушісі, техникалық қызмет көрсетушілер. Алды осы желтоқсанда кете бастайды, олар оқуын мамыр айында аяқтайды», — дейді «Fine Otel Turizm Isletmecilik» компаниясының өкілі Терджан Тансел.