сот шешім

Сот жүйесін дамытуға бағытталған жоба 7 бағытты қамтиды: «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-СОТ», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз татуласу орталығы». Жеті жоба 2020 жылға дейінгі сот жүйесін дамыту тұжырымдамасының негізін құрды. Ол сот жүйесін жаңа даму деңгейіне көтеруі тиіс. Тұтастай алғанда, аталған жобалардың негізгі ортақ міндеті – қоғамның соттарға деген сенімін арттыру.

Сот жүйесінің жеті түйіні жобасы өмірге еніп, онда дамудың жеті басым бағдарламасы шоғырландырылды. Солардың бастысы- мінсіз судья. Халық сеніміне Халық сенімі мен құрметіне ие болуда сала судья жұмысына тікелей тәуелді. Яғни, сот жүйесінің беделі судьялардың әділ төрелігімен өлшенеді. Мұны ескерсек тәуелсіз тәуелсіз сот төрелігінің халықаралық стандарттары негізінде қазақстандық қоғамның сұранысына сай, жоғары кәсәби сот корпусын қалыптастыру қашан да өзекті. Бұл тұрғыда Ұлт Жоспарының 17,19 қадамдарын, яғни судья лауазымына кандидаттарды іріктеу механизмін, Сот төрелігі академиясы судьялардың есептілігі мен жауапкершілігі институтын одан әрі жетілдіру шараларыжанжақты саралануда.

Айта кету керек, бұл жұмыс жобалық менеджмент тәсілі бойынша жүргізілуде. Ол тәсіл барлық дамыған мемлекеттерде және жетекші компанияларда кеңінен қолданылуда. Қазақстанның Жоғарғы Соты Жобалық офисті ТМД елдері соттарының ішінде бірінші болып іске қосқанын да ерекше атап өтуге болады. Жобалық менеджмент бүгінде бүкіл әлемде кеңінен қолданылып жатқан басқарудың озық тәжірибесі болып табылады. Жобалық офистің ішкі бөлігі «open space» — ашық кеңістік қағидаты бойынша қызметкерлер  бір-бірін көре отырып, қойылған міндеттерді бірлесе шешетін командалық жұмысқа негізделіп жасалған. Жобалық менеджмент нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталған және қолда бар ресурстарды барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Ең бастысы бүгінде осы жеті жобаның негізінде сот  жүйесін одан әрі дамыту, сот төрелігіне сенімді арттырып, сот төрелігінің әділдігін,  жауапкершілігін арттыру бағытында жұмыстар атқарылуда. «Сот төрелігінің «7 түйіні» жобасы халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыра түсуге және сот төрелігінің әділеттілігін, оның жауапкершілігі мен тәуелсіздігін, сот шешімдерінің жоғары сапасы мен судьялардың біліктілігін арттыру арқылы құқық үстемдігін қамтамасыз етеді. Солардың бастысы «Мінсіз судья». Халық сенімі мен құрметіне ие болуда судья жұмысының маңызы өте зор, яғни сот жүйесінің беделі судьялардың әділ төрелігімен өлшенеді. «Үлгілі сот» жобасының мақсаты — сот төрелігі жүйесіне халық сенімін арттырып, соттарды басқарудың тиімді жүйесін құру.

Ақтау қаласның №2 сотының судьясы Б.Б.Байгожаев