портфель қызмет

Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп пен Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Журналист, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылым академиясының, Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, БАҚ саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының және Қазақстан Журналистер одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты Нұртөре Байтілесұлы ЖҮСІП 1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысының Шиелі ауданында дүниеге келді.

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары тағайындалды
Сурет inform.kz алынған

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің тілшісі, көлік және коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі, бас редакторының орынбасары қызметін атқарған.

1990-1996 жылдары — «Егемен Қазақстан» газеті экономика бөлімінің меңгерушісі, бас редакторының орынбасары.

1996-2002 жылдары — «Жас алаш» газетінің бас редакторы.

2002-2005 жылдары — «Ақ Жол Қазақстан» газетінің бас редакторы.

2005-2006 жылдары — «Егемен Қазақстан» газетінің бас директоры.

2006-2008 жылдары — «Астана хабары» газетінің бас редакторы.

2008 жылдың ақпанынан осы тағайындауға дейін саяси-қоғамдық «Айқын» газетінің бас редакторы, Оның «Біз кімнен кембіз», «Қазақтың қызы», «Елес пен белес» атты публицистикалық жинақтары жарық көрген. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

***

Асқар Оразалыұлы Шәкіров осыған дейін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарып келген болатын. Ол Қарағанды қаласында туған. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка елдері институтын, КСРО Ішкі істер министрлігі академиясының адъюнктурасын бітірген.

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары тағайындалды
Сурет inform.kz алынған

1978-1987 жылдары — КСРО Ішкі істер министрлігі академиясының адъюнкты, инспекторы, аға инспекторы, ғылыми қызметкері.

1987-1989 жылдары — КСРО Ішкі істер министрлігі сыртқы байланыс бөлімінің, 1989-1992 жылдары — КСРО Ішкі істер министрлігі Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институты бөлімінің бастығы.

1992-1995 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Келісімшарт-құқық басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы. 1995-1996 жылдары — Қазақстан Республикасының Корей Республикасындағы Уақытша Сенімді Өкілі, 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі.

1996-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

1998-2004 жылдары — Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2004-2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі.

2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. КСРО-ның ІІІ дәрежелі «За безупречную службу» медалімен, Қазақстан Республикасының «Астана», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшін» медальдарымен, Ресей Федерациясының «За укрепление таможенного содружества» медалімен, Қырғызстан Республикасының «За укрепление таможенного сотрудничества» медалімен марапатталған.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бірғаным Сарықызы Әйтімова мен Асқар Асанұлы Бейсенбаевтың өкілеттіктері тоқтатылды.