Сурет сайт архивінен

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Асқар Асанұлы Бейсенбаев Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туған. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын (М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Технологиялар және ақпараттық жүйелер институты), Ресей-Қазақстан Қазіргі заманғы Гуманитарлық университетін бітірген.

1983-1988 жылдары — Түлкібас консерві зауытының ауысым инженер-технологы, «Ленин жолы» кеңшарының консерві цехының бас технологы, бастығы, ЛКЖО Сайрам аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы.

1988-1994 жылдары — Түлкібас консерві зауытының бас инженері, директоры, Түлкібас нантағамдары комбинатының директоры.

1994-1998 жылдары — президент АО «Көктерек» акционерлік қоғамының президенті.

1998-2001 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2001-2004 жылдары — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екінші шақырылымының депутаты.

2004-2007 жылдары — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үшінші шақырылымының депутаты — Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті жанындағы «Отбасы» депутаттық тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті жанындағы «Ауыл» депутаттық тобының мүшесі.

2007-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылымының депутаты — Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі болған. 2013 жылдан сенатор.

2013-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары болды.

«Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды.