тренинг

Маңғыстау облысында «Ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасы бастау алды. Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҮЕАҚ грантымен жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында «Silk Way» қонақ үйінде азаматтар үшін арнайы тренинг өткізілді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. 

Жобаның негізгі мақсаты — ҮЕҰ-лар мен бастамашыл топтарға шағын гранттар беру арқылы жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік-маңызды мәселелерін шешуге ауыл халқының тартылуына ықпал ету, сонымен қатар жобалық басқаруға үйрету арқылы азаматтардың дағдыларын арттыру және ауылдық ҮЕҰ тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Жоба аясында әлеуметтік жобалар байқауын ұйымдастыру, нәтижесі бойынша жергілікті әлеуметтік-маңызы бар мәселелердің шешілуіне гранттар беру жоспарланып отыр. Байқаудың гранттық қоры 3 000 000 тг, 10 үздік әлеуметтік жобаға 300 000 тг-ден қаржыландыру қарастырылған. Бұл жоба тек қана ауылдың үкіметтік емес ұйымдарына арналған. Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылады.

Осыған орай облыс бойынша 2019 жылдың 25 маусым–11 шілде аралығында ауылдық ҮЕҰ мен азаматтардың әлеуетін арттыру мақсатында «Жобалық басқару және ауыл тұрғындарын жергілікті мәселелерін өздігімен шешуге ынталандыру» атты тренингтер өткізіліп жатыр.

Біз өз тарапымыздан әлеуметтік мәселелерді қалай шешуге болатыны, жергілікті мәселенің шешілуіне қалай ықпал жасауға  болатыны туралы тренинг өткізіп жатырмыз. Тренингтің мақсаты ауылдың ҮЕҰ-ға әлеуметтік жобаны қалай дайындау керек екенін түсіндіру. Себебі жобаға қатысушылар әлеуметтік жобаны дайындап, бізге ұсыну керек, — дейді МО Азаматтық альянсының өкілі Жібек Ахметова.

«Маңғыстау облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасына дайындайтын тренингке 20-дан аса қатысушы келді. Солардың бірі Мұнайлы ауданының тұрғыны Жұмабек Сапарбаев:

Мен халыққа қызмет көрсету орталығының қызметін үйде отырып қалай алуға болатынын үйрететін орталық ашқым келеді. Қазіргі уақытта ХҚКО-да кезек көп. Онда барып уақыт жоғалтпай, әр азамат өз-өзіне қызмет жасауға мүмкіндік алса деймін.

Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН