Ақтау халықаралық теңіз сауда портының аумағындағы алғашқы әскери пирстың құрылысы аяқталайын деп қалды. Нысан биылғы жылдың қазан айында ресми түрде тапсырылады деп күтілуде. 

img_2765_10352

Айлақтың құрылысы ақпан айында басталған болатын. Қазіргі кезде гидротехникалық құрылыстағы жұмыс қызу жүріп жатыр. Бұл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің тарихында әскери мақсаттағы тұңғыш пирс болайын деп тұр. Қазіргі сәтте қазақстандық әскери корабльдер әскери-теңіз базасынан 140 шақырым қашықтықтағы Баутино кентіндегі жалға алынған пирста орналасқан, Бұл Ақтау қаласында тұратын әскери қызметшілерге белгілі бір қолайсыздық туғызуда. Осылайша, жеке меншік теңіз пирсының бой көтеруі Әскери-теңіз күштері үшін маңызды оқиға болып табылады.

img_2765_10353

Пирстың құрылысымен Ақтау шаһары портының аумағында бөлінген ауданы 1,2 га жер телімінде «Әскери құрылыс» акционерлік қоғамы айналысуда. 

«Ақтау қаласының портында ҚР ҚК ӘТК корабльдерінің орналасу алғашқы пунктінің салынуы Әскери-теңіз күштеріне Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы ықтимал қауіп-қатерлерге тиімді және уақтылы ден қоюға, Каспий теңізінің кез келген ауданына корабльдердің шығуын жедел жүзеге асыруға және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық түрлерімен қамтамасыз ету мен тасып жеткізуді уақтылы ұйымдастыруға, техника мен қару-жарақтың мотоқорын үнемдеуге мүмкіндік беріп,  жанар-жағармай материалдарына жұмсалатын шығынды айтарлықтай қысқартады», — деп ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы вице-адмирал Жандарбек Жанзақов атап өтті.  

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі