дзюдо

6-7 шілде күні Макаода дзюдодан жасөспірімдер мен кадеттер арасында Азия Кубогының чемпионаты өтті. Оған Оңтүстік Корея, Қытай, Жаңа Зеландия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сингапур, Макао және Қазақстаннан 200 спортшы қатысты. Маңғыстаулық Марлен Әділ дзюдодан Азия Кубогының чемпионы атанды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Маңғыстаулық спортшы 66 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ол Біріккен Араб Әмірлігі және Қазақстаннан барған спортшылармен белдескен. Екі кездесуде де жеңіс тұғырынан көрінген.

дзюдо

«Финалда Марлен Тайбэй спортшысымен кездесті. Ол өз салмақ дәрежесінде кубок чемпионы атанды. Азия кубогы чемпионатына қатысу үшін Маңғыстау облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы мен облыстық дзюдо федерациясы қолдау көрсетті», — дейді жеке бапкері Сапар Бурамбаев.

Қазір Марлен Әділ шілде айында Тайбэйде өтетін Азия чемпионатына қатысуға дайындалып жатыр.

Валентина ҚОЗЫБАҚОВА
Суреттерді С.Бурамбаев ұсынған