Сурет Жаңаөзен қаласының әкімдігі парақшасынан алынды

Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы болып Құлатай Ысқақ Қашқынбайұлы тағайындалды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Жаңаөзен қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Ысқақ Қашқынбайұлы – 1976 жылы туған, білімі жоғары. Ол 1998 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау университетінде «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алған.

1998-2000 ж.ж. №3 орта мектебі қазақ тілі пәнінің мұғалімі болған.

2000-2002 ж.ж. №3 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған.

2002-2003 ж.ж. Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратында бас маман;

2003-2007 ж.ж. Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы;

2007-2010 ж.ж. Жаңаөзен қаласы әкімінің аппарат басшысы;

2010-2011 ж.ж. Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы;

2012-2013 ж.ж. Астана қаласында «Жас-қыран» әскери-патриоттық бірлестіктерді дамыту орталығы» Қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары;

2013-2014 ж.ж. Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мониторинг және ақпараттық-талдау басқарма сарапшысы;

2014-2015 ж.ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бас сарапшысы;

2015-2017 ж.ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балардың құқықтарын қорғау комитеті балардың құқықтарын қорғау және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы;

2017 жылдан бастап осы уақытта дейін Нұр-Сұлтан қаласында «КТ Cloud Lab» ЖШС Қазақстан Республикасы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «111 шұғыл қызметі» байланыс орталығының ұйымдастырушысы болып қызмет атқарды.