көрпе фест

Ақтауда 8 қазан күні Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығы аясында «Көрпе Фест»  шарасы бастау алды. Фестиваль қазанның 10-ына дейін жалғасады, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Фестиваль барысында өз бизнесін бастағысы келетін көп балалы аналар мен әйелдер үшін «Алтын орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы және директоры, «Құрмет» орденінің иегері, «Аманат» сыйлығының құрметті Елшісі Ырза Тұрсынзада жүргізетін тігін және қолданбалы өнер бойынша тегін сабақтар мен шеберлік сағаты өткізеледі.

«Асыл ана» жобасының басты мақсаты — әйелдер мен көп балалы аналарды ұлттық бренд арқылы шағын және орта бизнеске тарту. Бұл жобаға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жетекшілік етеді.

Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ